«Портрет» 4-сынып

Содержимое материала:

Сынып 2

Пәні бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: Портрет
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі Адам тұлғасы туралы толықтай мәлімет беру. Адам тұлғасын салу жолдарын түсіндіру, және салу жолдарын үйрету.
Тәрбиелігі Оқушыларды қарындаш арқылы сурет салуға тәрбиелеу. б) Дамытушылығы оқушының ой — өрісін, қиялын, зейінін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекіліктері: Адам тұлғасының салыну кезеңдері бейнеленген плакат, тақырып жазылған плакат, тұлғаның салыну жолдары. Сабаққа қажетті құрал жабдықтар : Формат А3, қарындаш, өшіргіш, ұштағыш.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Жаңа сабақ
III Қорытындылау
IVБағалау
V Үйге тапсырма
I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгелдеу, құрал жабдықтарын тексеру, оқушыларды сабаққа дайындау.
Жаңа сабақ

Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі — маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.
Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр — түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл — күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.
Сабақты бекіту.
1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

Үйгетапсырма: Автопортрет салу.

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя