Компьютерлік графика т?рлері.

Содержимое материала:

Күні

Сыныбы

7 «Б»

Сабақтың тақырыбы

Компьютерлік графика түрлері.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

Компьютерлік графика туралы біледі;

Пиксель ұғымымен танысады;

Графика түрлін біледі, бейнесіне қарай ажырата алады.

Сілтеме

8 сынып Информатика оқулығы, Интернет ресурстары, информатика негіздері журналы.

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысындағы іс — әрекет

Стратегиялар

Оқушылардың іс-әрекеті, талқылау

Қызығушылықты ояту

(5 минут)

Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу. Оқушылар сабақты бастамас бұрын треннинг ұйымдастырып өтейік. «Қарлы кесек» әдісі. Оқушылар өз есімдеріне сыни тұрғыдан қарайды да, қандай? Деген сұраққа жауап/ мысал келтіреді. Мысалы Балнұр – байсалды, Дидар – дарынды. Бақытжан –бақытты. Т.с.с

Топқа бөліну.

Компьютердің құрылғыларын құрастыруға байланысты сыныпты топқа бөлу.

1топ –монитор 2топ –жүйелік блок 3топ –пернетақта

Үй тапсырмасын сұрау

Сен маған, мен саған

Үй тапсырмасын топ оқушылар бір – бірлеріне сұрақ қою арқылы жалғастырады. 1-ші болып Монитор тобы сұрақ қояды, сұраққа қай топ бірінші болып жауап береді келесі сұрақты сол топ қояды.

Мағынаны тану

(15 минут)

Постер қорғау

3 топ оқушылары компьютерлік графика тарауы туралы постер қорғайды.

1 — Монитор тобы

1.Компьютерлік графика түрлері?

2.Растрлық, векторлық, фракталдық графика туралы.

2 — Жүйелік блок тобы

3. Түс және палитра туралы.

4.Компьютерлік графиканың қолдану салаларына байланысты бөлінуі туралы постер қорғайды.

3-Пернетақта тобы

5. Растрлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі.

6. Векторлық графиканың артықшылығы мен кемшілігі.

7. Векторлық графиканың қолдану салалары.

Ой толғаныс

(10минут)

«Тәжірибе аймағы»

Оқушылар графиканың түрлеріне компьютерде тапсырма орындайды.

Векторлық – бағдаршам суретін салу.

Растрлық – үйдің суретін салу.

Фракталдық – жапырақтың суретін салу.

Домино ойыны

Компьютерлік графика сөзін құрастыру.

Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды,мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.

Сергіту сәті

Қаражорға биі

Оқушылар қаражорға биін билейді.

Рефлексия

Ашық микрафон

Сабақтан алған әсерін айтады.

Бағалау

Жиынтық бағалау

Топ басшыларының бағалауы.

Үйге тапсырма

Растрлык графика мен векторлык графиканың айырмашылығы туралы жазып келу

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя