Математикалы? маятник (ашы? саба?)

Содержимое материала:

Қысқа мерзімдік жоспар

Сабақтың тақырыбы: Математикалық маятник

Сабақтың мақсаты: Математикалық маятниктің өмірмен байланыстылығын білу. Алған білімін өмірде қолдана білу.

Сабақтың нәтижесі: Барлығы: математикалық маятниктің анықтамасын, өлшем бірлігін, формуласын біледі.

Көпшілігі: математикалық маятниктің анықтамасын, өлшем бірлігін, формуласын біледі. Берілген формуланы пайдаланып есеп шығара алады.

Кейбіреулері: Берілген формуланы пайдаланып есеп шығара алады. Формуланы түрлендіріп, белгісіз шамаларды есептей алады.

Сабақтың түйінді идеялары: математикалық маятниктің формуласын есеп шығару барысында қолдануды үйрену.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ғалым аттары», «вейер», «тақырыптық түйінді сөздер», «баяндау», «крестиктер-нөлдіктер», «Бәйтерек» — кері байланыс.

Топ: Мб01-15қ

Уақыты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

15 мин

Кіріспе

Студенттермен сәлемдесу, психологиялық ахуалын білу.

«Сағат бойынша достар» тренинг

Сабақтың ұраны:
Бақылау мен тәжірибе физикалық білімнің көзі.

«Ғалым аттары» әдісі бойынша топқа бөлу.

Үй тапсырмасы «вейер» әдісі бойынша сұралады

Физикалық диктант

Мұғаліммен сәлемдеседі, жылы қабақты сезеді.

Тренингке қатысады

Студенттер ғалымдардың аттары бойынша топқа бөлінеді, оларға сипаттама береді.

Әр студент вейерге бес сұрақтан жазып, көршісіне береді. Сөйтіп өзара тексереді.

Студенттер физикалық диктантты 1 минутта жазады. Кейін өзара тексереді.

Шапалақ ұру әдісі

Өзара бағалау

Бақылаушының бағалау парағы

Өзара бағалау

5 мин

Таныстырылым

Өткен сабақ пен жаңа сабақты ажырату үшін «тақырыптық түйінді сөздер», әдісі қолданылады.

Студенттер сөздер банкісінен өздеріне таныс сөздерді сыртқа шығарады. Қалғандары жаңа сабақтың түйінді сөздері

стикер

20 мин

Негізгі бөлім

Баяндау әдісі қолданылады.

Есеп шығару үшін «крестиктер-нөлдіктер» әдісі қолданылады.

Математикалық маятниктің анықтамасын, формуласын дәптерге жазады.

1)Топтар кестеден сан таңдайды.

2) Мұғалім сол номердегі есепті оқиды.

3) Жауап дұрыс болған жағдайда топ сол квадратқа крестик қояды. Дұрыс болмаған жағдайда сол санды дөңгелектейді

«Басбармақ» әдісі

Өзін-өзі бағалау

Ақ қағаз, маркер, бағдаршам көздері

5 мин

Қорытын

ды

Үйге тапсырма

15 – жаттығу

«Бәйтерек» -кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін, қай әдіс ұнағанын жазады

Критериалды бағалау

Бағалау парағы

стикер

Оқытушы: Тұртаева Нұрлы Директордың оқу ісі меңгерушісі: Жанқалова Р.М.

Бөлім меңгерушісі: Шаброва Т.А.

Әдістеме жетекшісі: Турибекова Ж.А.

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя