Содержимое материала:
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше көпше түрлері. 13-18 жаттығулар.
Сабақ мақсаты:
Білімділік м.1)Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап,жинақтау,одан әрі тереңдету.
Дамытушылық м.2) Сауатты, көркем жазуға, сөздік қорын байытуға, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік м.3)Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыпты жазуға, жүйелі сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: семантикалық карта,тірек сызбалар,кәсіп иелерінің суреттері.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақ түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру а) Қайырлы күн деп айтамыз,
Кешке бірге қайтамыз
Отбасының гүліміз
Көңілді өтсін күніміз.
ә) Күндей жарқырап
Айдай арайлап
Судай мөп-мөлдір,таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
б) Ой қозғау
-Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ел болашағы –білімді ұрпақ» деп, сіздерге үлкен сенім білдіруде. Қазір сендер кішкентай болғандарыңмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек ететіндеріңе сенімім мол. Сондықтан біз әлі кішкентаймыз демей, қазірден бастап мамандық таңдауды армандауымыз керек. Іштеріңде мамандық таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Нағыз адам боламын!
Бүгін титтей боламын
Әлі-ақ жігіт боламын
Сонда, мүмкін, мен ғалым
Әлде шофер болармын
Ел сыйлайтын мұғалім
Әлде шахтер болармын
Сонда ұста, не артист
Не дәрігер болармын
Әлде,әлде, білсеңдер
Жалғыз ғана талабым
Ер жеткенде, ел сенер
Нағыз адам боламын.
-Балалар, бізге бүгін кәсіп иелері қонаққа келді. Олардың өздерінің алып келген тапсырмалары мен сыйы бар.
Бізге бүгін мұғалім, дәрігер, тігінші, суретші, музыкант, аспаз қонаққа келді.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім тапсырмасына назар аударайық.
а) 9-жаттығу. Көп нүктенің орнына жалқы есімдерді қойып жаз.
Қазақстан қалалары———————
Қазақстан көлдері———————-
Ауыл аттары——————————
б) сұрақтарға жауап алу.
г)Семантикалық карта. Кім білгір?
Сөз таптары |
Зат есім |
Сан есім |
Сын есім |
Етістік |
||
қарбыз |
+ |
|
|
|
||
келді |
|
|
|
+ |
||
сегіз |
|
+ |
|
|
||
қоңыр |
|
|
+ |
|
||
Астана |
+ |
|
|
|
||
жинады |
|
|
|
+ |
||
қызыл |
|
|
+ |
|
||
қуыршақ |
+ |
|
|
|
||
үшінші |
|
+ |
|
|
ІІІ. Жаңа сабақ
а) Күннің жадын жаздырту.
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Т дыбысы мен әріпін
Әдемі етіп жазайық
ә) Тірек сызба мен жұмыс
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
2) Дәрігердің тапсырмасы: (Оқулықпен жұмыс)
13-жаттығу. Мәтінді оқып, мәтінді пайдаланып, кестені тиісті сөздермен толықтыр.
«Кім тапқыр ? ойыны» арқылы
Жалқы есім |
Жалпы есім |
Көпше түрдегі зат есімдер |
Жекеше түрдегі зат есімдер |
|
|
|
|
3) Тігіншінің тапсырмасы:
14-жаттығу «Кім шапшаң?» Жаңылпашты оқып, жатқа айт. Жекеше, көпше түрдегі зат есімдерді тап.
Ара,ара, аралар,
Орманның бойын аралар
Гүлдерден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой , балалар!
ІҮ. Сергіту сәті. Қ.Аманжолов «Көктем» өлеңі (тізбектей айттыру)
4) Суретшінің тапсырмасы: «Кім жүйрік?»
15-жаттығу. Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.
Ауданда суретші (-тер, -дер, -лер) жарысы өтті. Бала (-лер, -дар, -лар) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаз (-дар,- дер, -тар) ға сыйлық (-тар, -дар, -тер) тапсырылды.
5)Музыканттың тапсырмасы:
16-жаттығу. Мәтінді оқы. Көптік жалғау бар сөздерді теріп жаз. Ол сөздерге сұрақ қой.
Айдын хайуанаттар бағына барды. Бақты аралап, алуан түрлі аңдарды көрді. Оған маймылдар, аюлар, түлкілер, барыстар ұнады. Ол аңдардың тор ішіндегі қимыл қозғалыстарын қызықтап ұзақ қарады.
6) Етікшінің тапсырмасы: «Адасқан сөздер» ойыны арқылы.
18-жаттығу. Берілген сөздерді оқы. Оларға сұрақ қой.
Сөздер мен зат есімдерді сәйкестендір.
Жалпы есімдер. Тасмағанбетов,Айгүл,Астана,Ақтөс.
Көпше түрдегі зат есімдер. Елік,апа,оқулық,мектеп.
Жалқы есімдер. Шыршалар,қарындаштар,парталар,дәптерлер.
Ү. Үйге тапсырма: 17-жаттығу.
ҮІ. Қорыту. Бағалау
Жаны сұлу,
Жүрегі жылы,
Білімді де, қажырлы
Азамат боп өсіңдер.