Есту м?мкіндігінде жай с?йлемдерді ?абылдау.Дыбыстарды ты?дап ажырату.

Содержимое материала:

Э.А. Коблаш

Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар

мектеп-интернат-колледжінің сурдопедагогі

1 «а» класс. Фронтальды сабақ.

Тақырыбы: Есту мүмкіндігінде жай сөйлемдерді қабылдау. Дыбыстарды тыңдап ажырату.

Мақсаты: Білімділік. Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарының дыбыстарын тыңдап сөйлеммен сәйкестендіру. Оқушылардың сөздік қорын молайту.

Дамытушылық. Табиғат құбылыстарының және жабайы аң мен құстың дыбыстарын тыңдап ажырату. Есту қабілеттерін дамыту. Есту мүмкіндігіне берілген дыбыстарды сөздермен, сөйлеммен жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушылардың берілген сұраққа жауап беру барысында, бір-бірінің сөзін бөлмеуге және бастаған істерін аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

Түзетушілік. Сөйлеу барысында дұрыс дем алуларын қадағалау. Дыбыстардың анық, сөздердің бір тыныста айтылуын қадағалау және түзету.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, суретке қажетті құралдар, сырлы бояулар, қылқалам, компьютер, дыбыстар жазылған үнтаспа, қима қағаздар, экран.

Сабақта қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, денсаулықты сақтау технологиясы, бейнелеу терапиясы, ароматерапиясы, музыкатерапиясы.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

-Оқушылардың есту аппараттарының тәртібін анықтау, тексеру.

ІІ. Психологиялық дайындық

Алақанды ашайық, Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

Күннің нұрын салайық. Қолдарымен күннің бейнесін жасайды.

Жинаған жылы шуақты, Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.

Қонақтарға сыйлайық. Қонақтарға қарап, жылы бейнелерімен лебіздерін білдіреді.

ІІІ. Сөйлеу тілін жаттықтыру

-Компьтер арқылы табиғат құбылысының дыбысын тыңдайды.

-Ненің дыбысы?

-Боран соқты.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі.

-Қыста не жауады?

-Қыста қар жауады.

-Жел тұрса не болады?

-Боран соғады.

ІV. Тыныс жаттығуы

-Бояуларды үрлеу арқылы ағашты салу.

V .Тілдік емес дыбыстарды ажырату.

Қазір дыбыстарды тыңдап ажыратамыз.

(Үнтаспадан қарғаның дауысы тыңдалады).

-Ненің дауысы?

-Қарғаның дауысы.

-Қарға не істеді?

-Қарға қарқылдады.

-Қарғаның суретін алып жапсырыңдар.

(Қасқырдың дауысын тыңдап ажырату)

-Ненің дауысы?

-Қасқырдың дауысы.

-Қасқыр не істеді?

-Қасқыр ұлыды.

-Қасқырдың сурет ін алып жапсырыңдар.

VІ. Саусақ жаттығуы

Тақтадан сақинаның суретін көрсету

-Мынау не?

-Мынау сақина.

-Орнымыздан тұрып саусағымызға сақина кигізіп жаттығу жасайық

Орнымыздан тұрайық,

Саусақтардан сақина жасайық.
Бір-екі,

Бір-үш,

Бір-төрт,

Бір-бес.

VІІ. Тілдік материалдарды тыңдап қайталау.

Қыс келді. Далада қалың қар жауды. Боран соқты. Ағашта отырған қарға жерге қонды. Ол тамақ іздеп қарқылдады. Қардың бетіне қарғаның ізі түсті. Алыстан қасқырдың дауысы естілді. Қасқыр ұлыды. Қардың бетінде қасқырдың ізі көрінеді.

VІІІ.Бейнелеу терапиясы арқылы сабақты бекіту

Дыбыстарды тыңдап іздерді салу. Саусақтармен қардың бетіне іздерді саламыз.

VІІІ. Оқушыларды мадақтау.

ІХ. Сабақты қорытындылау.

-Біз не істедік?

-Біз тыңдадық, сөйледік, сурет салдық.

-Қоштасыңдар

-Сау болыңыз.

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя