Музыка ?ліміне саяхат

Содержимое материала:

Ақтөбе қаласы

МДҰ №31 «Күншуақ»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Музыка әлеміне саяхат»

Мектепалды даярлық тобы

Музыка жетекшісі: Муканова Лариса

2014-2015 оқу ж.ж

Музыка әлеміне саяхат

Муканова Л.И.,

31 «Күншуақ» мектепке

дейіңгі ұйымының

музыка жетекшісі.

Ақтөбе қаласы.

ҰОІӘ тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың рухани мәдениетін музыка сауаттылығы арқылы қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділігі: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын білу, дыбыс бояуын ажырату. Ән айту ережесін жадында ұстау.

Дамытушылығы: Түрлі аспапта ойналған шығармаларды тыңдау арқылы оны қабылдау,есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Ән айту дағдысын қалыптастыру. Әртүрлі жанрдағы музыканы тыңдау арқылы балалардың сезімін ояту, әуенге сәйкес ырғақтық қимыл жасап, мәнерлеп шеберліктерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, қызығушылығын қалыптастыру, эстетикалық талғамын жетілдіру.

Түрі: Қорытынды қайталау

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, хор-вокал жұмысы, ажырату, салыстыру.

Қөрнекіліктер мен құрал –жабдықтар: Аспаптар суреті, музыкалық аспаптар, муз орталық, CD-дискілер, аспаптар бейнеленген карточкалар

Іс-әрекет кезеңі:

Әуенді-қимыл қозғалыс: Балалар музыка залына «Полька» биін билеп кіреді. Шаттық шеңберін құрып музыкамен амандасады.

Сәлес саған алтын күн,

Сәлем саған көк аспан.

Сәлем саған жан досым,

Жалықпаймын сәлемнен.

М ж: Балалар бүгін біздер музыка әлеміне саяхат жасаймыз.

-Алдағы уақытта қандай мерекелер бар?

Балалардың жауабы.

М ж: Дұрыс айтасындар, 1-мамыр ынтымақ,бірлік күні, 7-мамыр Отанды қорғаушы сарбаздар мерекесі, 9-мамыр Жеңіс күні.

-Ал енді осы мерекелерге байланысты ертеңгіліктер музыкасыз, әнсіз, бисіз өтсе қалай болады?

Балалар жауабы.

М ж: Ал енді қандай музыканы ұнатасындар, қандай әншілер ұнайды?

Балалар жауабы.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «аспаптың дыбыс бояуын ажырат»

Әртүрлі музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын тыңдату.

Балалар жауабы: Аспаптарды атайды және қай аспаптың түріне жататынын ажырату. Мысалы: Домбыра-шертпелі, жетіген-шертпелі,қобыз-ыспалы т.б.

М ж. Балалар жарайсындар, музыкалық аспаптарды біледі екенсіңдер.

-Балалар музыканың бір бөлігі ол –ән. Әнді дұрыс айту үшін қандай ережелерді орындаймыз. Қане есімізге түсірейік.

Балалардың жауабы: (Денемізді тік ұстап, қолымызды тізенің үстіне қою, дұрыс дем алу, әннің сөзін анық айту)

Тыныс алу және дауысқа жаттығулар жасау.

М ж: Әрине дұрыс айтасындар, ендеше дұрыс тыныс алу үшін жаттығулар жасайық.

  1. Май шамды үрлеу;

  2. Кешедегі ыстық шәйді суыту;

  3. Күн суық болган кезде қолымызды жылы лебімізбен үрлеп жылыту;

М ж:Дауыс жаттығуларын жасайық.

  1. C-dur дыбыс қатарын легато, стакато штрихтарымен орындау;

  2. Тілдің ұшымен ли дыбысын жарты тоннан көтеріп орындау;

  3. Ля, ми, а- стакато, о-стакато, а-легато,;

Ән айту: «Қош бол балабақшам», «Тұлпарым» әндерін орындау.

Музыка тыңдау:

Балаларды екі топқа бөліп «Әуенді тап» ойыны ойналады.

Әр топ музыкаға байланысты өз топтарына тақырып қояды. Шығармаларды тыңдап, қандай шығарма немесе әннің атын атау.

Қай топ көп әуенді тапса сол жеңіске жетеді.

Балалар жауабы.

Мж: Балалар әнді де, әуенді де жақсы біледі екенсіңдер, енді көрейікші музыкалық аспаптарда қалай ойнаймыз екен.

Музыкалық аспапта ойнау: Ұрмалы аспаптармен қазақтың халық әні «Еркем-ай» әні орындалады.

Әнді дирижердың бастауымен балалардан құралған оркестр орындайды.

Қорытынды:

М ж: Балалар жарайсындар! Қандай керемет орындадындар!

Бүгінгі музыка әлеміне саяхат ұнады ма? Музыка әлемінде қандай іс-әрекет жасадық?

Балалардың жауабы: (ән айттық, музыка тыңдадық, аспаптардың дыбысын ажыраттық би биледік)

М ж: Егерде музыка әлеміне саяхат ұнаса алақаныңызбен үш шапалақ ұрамыз.

.

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя