Содержимое материала:
К.Қ.Қайназарова,
Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінің математика және
информатика пәні мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы.
Тақырыбы: «Бақытты сәт» ойыны.
Мақсаты: Оқушылар өздері меңгерген білімі мен дағдысын қолдана
отырып қойған мақсатына жете білуге
дағдыландыру, білім дағдысын арттыру, оқушылардың
логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Құрал жабдығы:
-
Проектор , слайдқа жазылған тапсырмалар.
-
Шарлар салынған қапшық немесе кішкене бөшке.
-
Орта бағалау парағы.
-
Секундомер (сағат)
-
Үй тапсырмасы (әр командаға екі сұрақтан)
-
Жауап үлгілері.
Қоланылатын технолония : СТО стратегиялары.
Барысы:
Сынып оқушылары екі командаға бөлінеді, әр команда өзінің атын ойлап, өз капитанын тағайындайды.
1-гейм: « Бой сергіту» .
Командаларға 7 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 3 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп дұрыс жауап берген команда жеңіске жетеді.
1-гейм сұрақтары:
«А» тобы.
-
Информатика дегеніміз не? (Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
-
Терезе дегеніміз не? (экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты
аймақ)
-
Компьютердің негізгі құрылғылары (монитор,процессор,пернетақта)
-
Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді? ( сканер)
-
Вирустың кері әсерін жоятын программа (антивирус)
-
Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
-
Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)
«В» тобы.
-
Файл дегеніміз не? (дискіде немесе компьютер жадында сақталатын
ақпараттардың атаулар жиыны)
-
Терезенің түрлері. (4 түрге бөлінеді:қапшық терезелері,қолданбалар
терезелері,диалогтық терезелер, анықтама терезелері)
-
Windows сөзінің қазақша аудармасы (терезе)
-
Қапшық дегеніміз не? (объектілер қоймасы)
-
Ақпаратты енгізу құрылғысы (пернетақта)
-
Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
-
Сурет салуға арналған программа (Paint)
( дайындыққа 3 минут, жауап беруге 1 минут, барлығы 7 минут)
2-гейм. « Гүл арасынан шыққан бас қатырғылар»
Команда мүшелері гүл арасынан нөмері бар лотоларды алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды. Өз ішінде талқылаған соң, команда капатандары жауап береді.
2-гейм сұрақтары:
1. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды.
( бос орын пернесі)
2. Информатика ғылымының негізгі құралы. ( компьютер)
3. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? ( кәрзеңкеде)
4. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. ( меңзер)
5. Ауқымды желіге қосылу құрылғысы ( модем)
6. Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (микрофон)
7. Компьютердің негізгі қызметтік элементтері тұратын қорап (жүйелік қорап)
8. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы (колонка)
( дайындыққа 2 минут, жауап беруге 1 минут, барлығы 4 минут)
3-гейм: «Жұмбақтас»
Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда қолын көтереді. 2 командаға 1 жұмбақтан,
1 ребустан беріледі.
( 1 минут дайындық, жауап беруге 1 минут, барлығы 3 минут)
«А» тобы:
-
Ақпаратты қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады?
( басу құрылғысы)
-
Ребус: Бейне сөзді шеш. Word Pad бұл Windows-тың
«В» тобы:
-
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені.
( кактус)
-
Ребусты шешу.
4- гейм: « Сен маған – мен саған».
Командалар бір – біріне 2 сұрақтан қояды.
( уақыт 4 минут )
5-гейм. «Көсемдікке ұмтылу».
Сұрақтарға барлық ойыншылар жауап берген команда ұтады. Компьютердің зияндығы мен пайдасы туралы екі топ арасында айтыс.
( уақыт 4 минут )
Қорытынды:
Бағалау 3 минут.