Интернет. Интернеттен а?парат іздеу ж?не алу.

Содержимое материала:

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Байда селолық округі, с. Котяев

Пән мұғалімі: Сұлтанова Гүлдана Сағидоллақызы

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

_______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» _______2015ж

Пәні: Информатика пәнінен үйірме жұмысы

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Интернет. Интернеттен ақпарат іздеу және алу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға интернет желісінде ақпарат іздеуді, интернет туралы түсініктерін кеңейту.  Интернеттің  мүмкіндіктерін және  түрлерін түсіндіріп, оларды пайдалануды үйрету.  Интернетті  практикада  пайдаланудың дағдыларын  қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға интернет және инетрнет туралы түсінік бере отырып ой – өрістерін, білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Практикалық, ойын элементтері аралас, жеке және топтық жұмыс

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Пән аралық байланыс: Тарих

Қолданылатын көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа сәйкес слайд,

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын пысықтау («ТВ Бинго» ойыны)

  3. Венн-диаграммасы «Электронды пошта мен кәдімгі пошта»

  4. Кім жылдам?” сұрақтарға жауап беру

  5. Шығармашылық жұмыс (Компьютерде тапсырма орындау)

  6. Сергіту сәті (көз, қол жаттыгулары)

  7. Электронды тест сұрақтары

  8. Сөзжұмбақ

  9. Сабақты қорытындылау

Сұхбаттасу “Интернеттің пайдасы мен зияны”

  1. Үйге тапсырма

  2. Бағалау

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты түгендеп, журналды толтырып, оқушылардың оқу-құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аударту. Оқушыларды 2-топқа «Интернет» және «Ақпарат» тобына бөлу.

  1. Үй тапсырмасын пысықтау («ТВ Бинго» ойыны)

1-шар. Интернет дегеніміз не? Қандай мағына береді?

4-шар. Интернеттің шығу тарихы

3-шар. Интернеттің қандай ауқымдыіздеу жүйелерін білесіңдер?

8-шар. Электронды пошта дегеніміз не?

5-шар. WWW дегеніміз не?

2-шар. Модем дегеніміз не?

6-шар. Провайдер дегеніміз не?

7-шар. Қазақстанның интернет жүйесіндегі домені қандай және ресми түрде

қай жылы тіркелді?

  1. Венн-диаграммасы «Электронды пошта мен кәдімгі пошта». Оқушылар тақтаға электронды поштаның кәдімгі поштадан айырмашылығын жазып шығады. Флипчарт

  1. Кім жылдам?” сұрақтарға жауап беру. Төменде тапсырмалары берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, ал дурыс болмаса қызыл түске боялады.

  1. Шығармашылық жұмыс (Компьютерде тапсырма орындау). Екі топқа компьютерде тапсырмалар беру. Оқушыларға алда келе жатқан мерекеге сәйкес тапсырмалар беру.

«Интернет» тобына:

  1. Google браузеріне кіру.

  2. Интернеттен ҚР Президенті туралы мәлімет алу

  3. 1-желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні” тақырыбында POWER POINT бағдарламасында слайд жасау

«Ақпарат тобына»:

  1. Google браузеріне кіру.

  2. Интернеттен ҚР Тәуелсіздігі туралы мәлімет алу

  3. 16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі” тақырыбында POWER POINT бағдарламасында

слайд жасау

  1. Сергіту сәті (көз, қол жаттыгулары). Орындарынан тұрып, сергіту сәті ретінде көзге арналған жаттығулар жасау.

  1. Электронды тест сұрақтары. Электронды тест арқылы жеке-жеке оқушылардың сабақта алған білімдерін тексеру.

  1. Сөзжұмбақ.

  1. Ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы

  2. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы

  3. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы

  4. Компьютердің миы

  5. Қағаздағы көріністі дисплей экранына түсіруге арналған құрылғы

  6. Ақпараттың орысша атауы

  7. Интернет жүйесіне шығу үшін қажетті құрылғы

  8. Компьютердің енгізу құрылғысы

8. Сабақты қорытындылау

Сұхбаттасу “Интернеттің пайдасы мен зияны”. Оқушылар арасында сұхбат жүргізу. Оқушыларға ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы сұхбат жүргізу. Бір-біріне сұрақтар қою арқылы пікір-алмасу.

  1. Үйге тапсырма. «Интернет» туралы реферат жазу.

  2. Оқушыларды жетондар арқылы бағалау

11. Сабақ аяқталды , сау болыңыздар!

Понравился материал? Поделитесь с коллегами:
Копилка учителя