Содержимое материала:
Даулетбаева Гулжан Тулеповна Маңғыстау ауданы, Есір Айшуақұлы атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:
Біздің айналамыздағы ақпарат
10/30/17
Оқу мақсаты :
5.2.1.1. Әртүрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету
Сабақтың мақсаты :
Барлық оқушылар: Әртүрлі ақпаратты атап шығады және көрсетеді
Оқушылардың көбісі: Әртүрлі ақпараттың түрлерін ажыратады
Кейбір оқушылар: Ақпараттың берілу формаларын анықтайды
Бағалау критерийі
- Ақпарат ұғымын біледі
- Ақпарат түрлерін біледі
- Ақпараттың берілу формаларын ажырата алады
Тілдік мақсаттар
Ақпарат — информация-information
Сан — число- number
Мәтін -текст- text
Графика -графика- graphics
Дыбыс -звук- sound
Бейне — изображения- image
Құндылықтарға баулу
- Қарым-қатынас жасау қабілеті
- өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау
- жауапкершілікте болу
Алдыңғы білім
Оқушылар қауіпсіздік ережелерін, компьютердің құрылғыларын, қызметін біледі
Пән аралық байланыс
Орыс тілі, ағылшын тілі —
үш тілділікте болу
Математика — сандар туралы мәлімет
- Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал туғызу
бір-біріне жылы лебіздер білдіру арқылы мысалы, «Мен саған қуаныш тілеймін!»
«Мен саған жақсылық тілеймін!»
«Үлкен азамат бол!» т.б.
II. Топқа бөлу
асық арқылы бөлу
III. Үй тапсырмасын сұрау
« Допты лақтыру » әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру
Сабақтың басы
— Сендер ақпаратты қайдан аласыздар?
— Сендер бүгін қандай ақпарат алдыңдар?
Жаңа сабақты өзектендіру
Жаңа сабақ
bilimland.kz сілтемесіндегі бейне жазбаны көрсету арқылы түсінеді, үш топқа сұрақтар беру арқылы топта талдайды
«Түртіп алу» әдісі бойынша оқушылар керекті жерді дәптерге түртіп алады
Сабақтың ортасы
«Ойлан-жұптас-бөліс»
1-тапсырма ( жұптық жұмыс)
Ақпарат түрлерін анықтаңыз
Дескриптор Білім алушы
-ақпарттың әртүрлі формасын атайды, жазады
Бағалау Оқушылар бір-бірін бағалайды
Басбармақ арқылы
2-тапсырма (жеке жұмыс)
Суретке қарап ақпарат көздері, ақпарат қабылдаушылар туралы мәтін құрастырыңдар. Мәтінге атау қойып, компьютерге теріңдер
Дескриптор Білім алушы
— ақпарат көзін анықтайды
-ақпарат алушыны анықтайды
Бағалау Оқушылар өзін-өзі бағалайды,
оқытушы мадақтау арқылы
3-тапсырма (топтық жұмыс)
«Кім жылдам» әдісі
Кестені толтыру
Ақпарттың
Ақпараттың
берілуі
Ақпаратты
түрі
қабылдау арнасы
Дескриптор Білім алушы
— ақпараттың әртүрлі формасын кестеде атап көрсетеді
Бағалау Топ бірін-бірі бағалайды
Бағдаршам арқылы
bilimland.kz сілтемесі арқылы жаңа
тақырыпқа байланысты тест тапсырады
Сабақтың соңы
Рефлексия
«Білім ағашы » әдісі
Оқушылар сабақта нені білгенін және
нені үйренгенін , ненің әлі түсініксіз болғанын білім ағашына стикерлерге жазып іледі
Үй тапсырмасы
- «Біздің айналамыздағы ақпарат» тақырыбын оқып келу
- Кестені толтырып келу
Зат
Ұялы
Қасиеті
телефон
Қабылдау
Шылдыр
арнасы
Мүше
Есту
Құлақ
Бағалау
- Әр тапсырмада дескриптор қойылады
- Оқушылар бірін-бірі бағалайды («бас бармақ»)
- Мұғалімнің мадақтауы (мадақтама сөздер)
- Топ бірін-бірі бағалайды
(бағдаршам арқылы
- Смайликтермен
Саралау
Оқушыларға жеке, жұптық, топтық ,тест тапсырмалары және «Ойлан жұптас бөліс», «кім жылдам», «допты лақтыру» әдістері арқылы оқушылар ақпарат туралы ұғымдарын және ақпараттың әртүрлі формада берілуін толық үйренді
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Компьютермен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін ескерттім
Назарларыңызға
рақмет!