Содержимое материала:
«Көкжайық орта мектебі» КММ
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Мақал-мәтелдер»
Сынып: 5 «ә»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Азимбаева А.Қ.
2016-2017 оқу жылы
Мұғалім |
Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы |
|
Пән |
Қазақ тілі |
|
Сынып |
5 «ә» |
|
Мерзімі |
06. 12. 2016 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Мақал-мәтелдер |
|
Сілтеме |
«Тіл және әдебиет» пәндерінен оқу бағдарламасы Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 5-сынып. ІІ тоқсан. 6 желтоқсан, 2016 ж. |
|
Сабақтың мақсаты |
Білімділік: оқушыларға мақал-мәтел туралы лингвистикалық білім беру, алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту. Тәрбиелік: оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту, қосымша материалдар арқылы пәнге деген қызығушылқтарын арттыру. |
|
Күтілетін нәтиже |
Мақал-мәтелдер туралы ұғымдары қалыптасады; Ауызша және жазбаша түрде қолдана алады; Өз пікірін қорғай алады; Дүниетанымы кеңейеді; Пәнге деген қызығушылығы артады. |
|
Қолданылатын модульдер |
1- модуль – оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс); 2-модуль – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3- модуль – бағалау; 4 – модуль – АКТ пайдалану; 7- модуль – көшбасшылық (топты басқару және сабақ барысында белсенділікпен қатысып отыру) |
|
Негізгі идеялар |
Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, белгілі бір тұжырым жасайды. Мысалы: кең болсаң, кем болмайсың. Мәтелдерде ой пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: қалауын тапсаң, қар жанар. Сөйлем мағынасы ашылмай, жұмбақталып қалады. |
|
Ресурстар |
Жалпы орта білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығы |
|
Көрнекіліктер |
слайд, үлестірмелі қағаздар, аудиожазба, түрлі-түсті қағаз қиындылары, «Білім кемесі» |
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы |
|
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Топқа бөлу 2 мин. |
Қызыл, көк, жасыл, сары түсті қағаз қиындыларын таратады.
Топ ережесін сұрайды. |
Оқушылар түрлі-түсті қағаз қиындыларына сәйкес 4 топқа бөлінеді.
Топтың қарапайым ережесін қайталап айтады.
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру 2 мин. |
Бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау үшін, бір топқа жүрекше ұсынып, сабаққа сәттілік тілейді. |
Әрбір топ басшылары тілектерін айтып, келесі топқа жүрекшелерді ұсынады. |
Үй тапсырмасын тексеру 7 мин. |
Үйге тұрақты сөз тіркестері тақырыбына байланысты деңгейлік тапсырмалар ұсынады.
Үй тапсырмасын тексеруге арналған тапсырмалардың дұрыс жауаптарын тақтаға флипчарт арқылы көрсетіледі. |
Үй тапсырмасын тексеруге берілген деңгейлік тапсырмалары орындайды. І деңгей: сәйкестендіру ІІ деңгей: тест тапсырмасы ІІІ деңгей: семантикалық карта
Оқушылар бір-бірін тексереді. |
Жаңа сабаққа өту кезеңі 2 мин. |
Топтағы оқушыларға берілген фигуралардың екінші жағында мақал-мәтелдердің сөздері жасырылған. |
Берілген сөздерден мақалдар құрастырады. 1.Нан бар жерде ән бар. 2.Ана тілің алпыс тілге татиды. 3.Оқ жетпес жерге қылыш суырма. 4. Өнер — таусылмас азық, жұтамас байлық
|
Жаңа сабақ 10 мин. |
Қазақ тілі оқулығындағы мақал-мәтелдер тақырыбын топ ішінде талқылап, постер құруды ұсынады. |
Әрбір топ жаңа сабақты өздері ізденеді. 1, 3-топ Мақал ұғымы 2, 4-топ Мәтел ұғымы
Құраған постерлерін қорғайды.
|
Оқулықпен жұмыс 5 мин.
Талдау жұмысы 3 мин. |
127-жаттығуды орындауға бағыт беріледі. |
Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып мақалдарды бір бағанға, мәтелдерді бір бағанға жазады. Тақтаға бір оқушы шығып, еңбек сөзіне фонетикалық талдау жасайды. |
Жағдаяттық жұмыс 3 мин. |
Оқушылардан жылқы туралы білетін мақал-мәтелдері сұралады.
Аудиожазба тыңдалып, сұрақ қойылады.
Сұрақтың дұрыс нұсқасын аудиожазбадан тыңдатады. |
1.Ер қанаты-ат. 2.Жылқы-малдың патшасы. 3.Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса ас көп. 4.Сұлу аттың көркі-жал. 5.Жүйрік ат-бірде ат, бірде қанат.
Әрбір топ өзінің жауап нұсқасын айтады.
|
Сергіту сәті 2 мин. |
Өлең оқу
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырылады. |
Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңі оқылады.
|
«Жалғасын тап» ойыны 2 мин. |
|
1-топ мақал-мәтелдің бірінші сыңарын айтса, 2-топ сол мақалдың жалғасын табу керек. Тура сол сияқты 3-топ мақал-мәтелдердің бірінші сыңарын айтса, 4-топ сол мақалдың жалғасын табады. |
Үйге тапсырма 2 мин |
Мақал-мәтелдер туралы ереже жаттау. 129-жаттығу. Адамның қасиеті туралы айтылған үш мақал, үш мәтел тауып жазу. 131-жаттығу. Өзің қалаған мақал я мәтел негізінде ребус құраңдар. |
Үй тапсырмасын күнделікке жазады. |
Бағалау 2 мин. |
Топ басшыларының айтқан бағаларымен сәйкестендіре отырып, қорытынды баға қойылады. |
Сабақтың басында бағалау парақтары берілген. Топ басшылары бағаларын айтады. |
Кері байланыс 3 мин. |
Оқушыларға стикерлер береді. |
Бүгінгі сабақтан алған өздерінің әсерлерімен бөліседі. «Білім кемесінің» желкеніне стикерлерін жабыстырады. |